Венециялық биеннале ұсынатын «Дүниежүзілік жарнама биігінің» көмегімен адам қызметінің мүлдем жаңа түрін – Жаңа Кемеңгерліктің Өнерін дүниежүзіне таныстыру.
Венецияға кірігіп кеткен және жыл сайын миллиондаған адамды Венецияға тартатын тарихи сұлулықтың сәулесін ұстау мүмкіндігін тәжірибелік тұрғыда тексеру.
Төртінші Өлшем Порталын ашу – шынайы өмірде бар нәрсені интуитивті, жасырын түрде сезінетін дүниемен байланыстағы нағыз алшақтықты орнату. Бұл бізге келесіні анық көрсетеді: ежелгі, бірақ ұдайы «өзекті», яғни тиімді, сонысымен аса радикалды, адам мен дүниенің өте түпкі өлшемі – Танылмайтын, Жаңа, Бос орын.
Осы сәулеленудің энергиясын Кемеңгерлік Генераторын іске қосу және Төртінші Өлшемге тұрақты Портал ашу үшін қолдану.
Әрі зерттеу орталығы, әрі ой толғау және тыныштық мекені, әрі өнер ордасы, әрі сенім орталығы және ең бастысы – адам Кемеңгерлігінің толқу (excitement) орны болатын мекен жасау.
Павильонға келушілердің павильонды, жобамызды және бізді нысан ретінде ғана көрмей, Жаңа Кемеңгерліктің әлеміне сүңгіп алатынын анықтау.
ЛАЙ-ПИ-ЧУ-ПЛИ-ЛАПА Жаңа Кемеңгерліктің орталығы – алдағы жылдар, ондаған, тіпті жүздеген жыл бойы бүкіл әлемде ашылатын Жаңа Кемеңгерлік Орталықтары сериясының тұңғышы. Орталықтың мынадай міндеттері бар:
ЛАЙ-ПИ-ЧУ-ПЛИ-ЛАПА Жаңа Кемеңгерліктің Орталығы – Жаңа Кемеңгерліктің ұлы Өнерінің символы мен манифесті!
Біз Сергей Калмыковтың ойлау тәсілі мен өмір жолынан Жаңа Кемеңгерлікті құрадық. Кемеңгерлікті өз бойыңда буырқантып, өзіңде тамырландырып, тәрбиелеуге болады. Бұл белгілі бір жағдайларда және әртүрлі деңгейде жүреді. Жаңа Кемеңгерліктің екі жаһандық бөлімі бар: Кемеңгерлік Тәжірибесі және Кемеңгерлік Физикасы. Бір-біріне тұтасып кеткен бөлімдерді бір-бірінен ажырату оңай емес, бірақ түсінікті болу үшін оны ажыратудың жолын көрсетелік:
Кемеңгерлік Тәжірибесі – өзіңдегі кемеңгерлігіне қарау принциптері мен әдістерінің жиынтығы, мұны әрбір адам қолдана алады. Мазмұны жағынан бұл тәжірибе қарапайым, бірақ кез келген шынайы тәжірибе сияқты орындалуы күрделі. Тәжірибе бұрыннан бар белгілі принциптермен шектелмейді, үнемі ұлғайып, дамып отырады. Ешкім бұрыннан бар принциптерді ұстануға міндетті емес – әркім өз принциптерін жасай алады және жасауы да керек. «Мен Кемеңгермін, өйткені өзімді Кемеңгер деп атадым!» – бұл ешкімді ешкіммен салыстырмайтын және бұл мәлімдеменің анық-қанығын тексермейтін Жаңа Кемеңгерліктің басты принципі. Ешқандай да комиссия қажет емес! Ешқандай да бағаның қажеті жоқ! Кемеңгер ме, жоқ па, оны әркім өзі шешеді – мұны мақұлдау қажет емес! Кемеңгер – ол абсолют. Кемеңгерліктің табиғаты Төртінші Өлшемде байқалады. Бұл өлшемде өлшеуіш, салыстырмалылық жоқ – тек абсолюттілік қана бар. «Үлкен» десек, оны әлдекіммен салыстыру арқылы айтпаймыз, ол бар болғаны үлкен, «кіші» десек те, ол біреуден кемшін деген сөз емес, бар болғаны кіші. Адам абсолютті бола алмай ма? Әлбетте! Барлығы кемеңгер бола ала ма? Әрине! Жаңа Кемеңгерлік – болмыс және бағалау да емес, бұл – Тәжірибе. «Кемеңгермін, өйткені мен Кемеңгерлік Тәжірибесін жасаймын!»
Кемеңгерлік Физикасы – физикалық әсер ету арқылы Кемеңгерлікті ояту. Бұл саладағы соңғы жаңалық «Гениондар теориясына» сәйкеседі. Яғни әрбір адам үшінші өлшем, идеялар өлшемі, рухани өлшем және т.б. сияқты белгілі өлшемдерде ғана емес, сонымен қатар Төртінші Өлшемде немесе «Кемеңгерлік Өлшемінде» өмір сүреді. Үшінші өлшемде адам – тәнімен, идеялық өлшемде – ойымен, рухани өлшемде – рухымен (жанымен), ал Төртінші Өлшемде – генионымен біріккен.
Гениондар – адамдағы Төртінші өлшемнің көрінісі, Жаңа Кемеңгерліктің фундаменталды бөлшектері. Әр адам өз генионымен Төртінші Өлшемге тұрақтайды, ал адамдағы Төртінші Өлшем гениондар түрінде байқалады. Төртінші Өлшем Манифестінің механизмі басқа белгілі өлшемдерде толық зерттелмеген. Бірақ қолданыстағы кейбір жүйелерде бұл механизм «локалды емес», «сингулярлы», «сиқыр» деп сипатталатыны белгілі. Яғни, гениондар Кемеңгерді жасайтын бөлшектер. Гениондар электр тогы өткізгіштеріндегі электромагниттік өрістің температурасы, күші, сипаты мен бағыты және т.б. параметрлерге тәуелді электрондарға ұқсас болуы мүмкін. Генион теориясына сәйкес, арнайы өрісті құруға болады: Кемеңгерлік өрісі гениондардың белсенділігіне әсер етеді. Гениондардың белсенділік дәрежесі адамнан адамға қатысты айтарлықтай өзгереді. Жоғары белсенділік – жоғары кемеңгерлікті, баяу белсенділік – баяу кемеңгерлікті көрсетеді. Табиғатына сай әлдекімнің белсенділігі жоғары, ал енді біреу гениондарын байқалатын деңгейде белсендірмейді. Алайда генионның белсенділігін арттыруға болар (тіпті керек!) еді!
Тағы да айтарымыз: Кемеңгерлік Тәжірибесі мен Кемеңгерлік Физикасын нақты ажырату мүмкін емес, өйткені бірі екіншісіне айналып кеткен, ал Кемеңгерге олар осы екі сала қиылысында әсер етеді.
Венециядағы Жаңа Кемеңгерліктің Орталығында гениондарды белсендіру үшін жағдай жасалған және гениондарды белсендіру жағдайы Кемеңгерлік Генераторы, визуалды өнер, перформативті зат, музыка, фотосурет және кино, сонымен қатар қиял мен сенім және Венециядағы тарихи сұлулықтың сәулесі арқылы зерттеледі. Жаңа Кемеңгерліктің Венеция орталығына барғаннан кейін кез келген адамның Кемеңгерлігінің белсенділік деңгейі әлдеқайда жоғарылайды.